Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Классикалық шахматтан Астана құрамасы ел чемпионаты атанды

Фото: Астана әкімдігі

 – Қызылордада ерлер, әйелдер және ардагерлер (сеньорлар) арасында өткен классикалық шахматтан Астана қаласының құрама командасы чемпион атанды.

Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, чемпионатқа еліміздің 11 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 86 шахматшы қатысқан. Ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтың қорытындысы бойынша 7 кездесуде де басым болған Астана қаласының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Құрамада Аслан Айтбаев, Аян Ахметов, Әлішер Мажкенов және Амина Қайырбекова сияқты тәжрибелі шахматшылар өнер көрсетті.

Аталған санатта Қызылорда облысының құрамасы күміс медальға қол жеткізсе, Павлодар облысының спортшылары қола жүлдені еншіледі.

Ал, Ардагерлер арасындағы бәсекеде Алматы қаласының спортшылары алтын жүлдені еншіледі. Жүлделі екінші орынға Владислав Насыбуллин, Арман Оспанов, Құнанбай Сағнаев және Әлфия Төребаева бастаған астаналық ардагер спортшылар ие болды. Қоланы Жамбыл облысының ардагерлері қанжығаға байлады.

Қызылорда төрінде 9 күнге созылған классикалық шахматтан ҚР командалық чемпионатының жеңімпаздары өз санаттары бойынша дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Жасыл алаңдағы тартысты жарыс

admin_altyalash

Қарағанды облысында самбодан республикалық чемпионат өтуде

admin_altyalash

Махмұд Сабырхан Олимпиадаға қатысу үшін басқа салмаққа ауысады

admin_altyalash