Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Азия чемпионаты: Еркін күрестен Мейрамбек Қартбай жартылай финалға шықты

Фото: qaz_olympics

 – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында бүгін, 11 сәуірде жалауын көтерген Азия чемпионатында еркін күрестен Мейрамбек Қартбай (57 келі) жартылай финалға шықты.

Құрлықтық додада 26 жастағы балуан өзбекстандық Нодир Жұманазаровты 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді ол жартылай финалда жапониялық Кенто Юмиемен белдеседі.

Сондай-ақ, ел құрамасынан қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан (92 келі) бірінші айналымда қырғызстандық Ароновты 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық балуан Санжар Мұхтар (65 келі), Мейіржан Әшіров (70 келі) алғашқы белдесуінен сүрінбей өтті.

Ел құрамасынан Азамат Өміржанов (79 келі) бірінші кездесуде моңғолиялық қарсыласынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал ел құрамасынан Асыл айтақын (61 келі), Талғат Сырбаз (74 келі), Азамат дәулетбеков (86 келі), Әділет Давлумбаев (92 келі), Абылай Совет (125 келі) 12 сәуірде бозкілемге шығады.

Одан кейін құрлықтық дода әйелдер күресі мен грек-рим күресінен жалғасады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Аймақта туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші төмендеген

admin_altyalash

Жетісу облысында биыл мас күйде көлік жүргізген 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

admin_altyalash

ТЖМ 2024 жылдан бастап салынып жатқан үйлердің өрт қауіпсіздігін тексереді

admin_altyalash