Шымкентте есірткі сатты деп күдікке ілінген тұрғын соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Бас проркуратура.
11 сәуірде Шымкент қаласының прокуратурасы есірткі қылмыстарының алдын алу үшін қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірге Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан универститетінде көшпелі сот отырысын өткізді. Оған студенттер де қатысты.
Сот үкімімен сотталушы «Б» Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен, электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды жасырын белгілеу жолымен одан әрі сату) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп жазылған хабарламада.
Бұл көшпелі процесс жастардың назарын есірткі мәселесіне және оңай жолмен ақша табуға қызықпау үшін ұйымдастырылды.
Сот процесі аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкерлері студенттермен әңгімелесіп, есірткі сатқандар үшін заңда қатаң жаза барын ескертті.