– Әйелдер күресінен екінші жарыс күнінде қазақстандық үш балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ел құрамасынан Лаура Алмағанбетова (57 келі) Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуінде оңтүстік кореялық спортшыны таза жеңді. Лаураның келесі қарсыласы – Жапония спортшысы.
Сондай-ақ, қазақстандық Ирина Казюлина (65 келі) ширек финалда ол өзбекстандық Динора Рустамованы 4:3 есебімен ұтты.
Ал Анастасия Панасович (72 келі) ширек финалда Чжи Сон Лиді 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдмаға ие болды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Аяжан Марқашева (53 келі), Тыныс Дубек (62 келі) алғашқы белдесуінде жеңілді.
Айта кетсек, әйелдер күресінен 13 сәуірде Диана Каюмова (59 келі) мен Эльмира Сыздыкова (76 келі) қола медаль алды.
Ал еркін күрестен ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды.