Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

Фото: kazsports.kz

Күрес түрлерінен Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың грек-рим күресінен балуаны Ержет Жарлықасын алтын медальді жеңіп алды.

Ол финалда (63 кг) 25 жастағы Жапонияның өкілі, XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Айата Сузукиді жеңді. Белдесу 6:6 есебімен аяқталған. Ұпай сапасы жағынан қазақ балуаны басым болды.

Күндізгі сессияда Жарлықасын жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 5:3 есебімен жеңіп, ширек финалда Сауд Арабияның спортшысы Хавсавидің жауырынын жерге тигізген. Оның алдында қазақ атлеті алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілін 6:4 есебімен тізе бүктірген.

Бұл – 23 жастағы Ержет Жарылқасынның ересектер арасындағы алғашқы жарысы әлі алғашқы халықаралық жарыстағы жүлдесі.

Ұқсас жаңалықтар

1 наурыздан бастап бізде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы басталады

admin_altyalash

Алда әлі де жоспарланған істер аз емес

admin_altyalash

Астанада “Театр барысы-2024” өтті

admin_altyalash