Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық форумы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық форумы өтті

15.04.2024
0
Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық форумы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

11-12 сәуірде Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» тақырыбында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының 2-республикалық форумы өтті,

Екі күнге созылған ауқымды іс-шараға еліміздің аймақтарынан ақпарат саласын дамытуға үлес қосып жүрген 70-ке жуық медиа маман қатысты.

Форумға Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Ермұрат Бәпи, президент баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Раханов, «Халық Үні Медиа» ЖШС-нің директоры Ринат Кертаев, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахмет, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Есенбеков катысты.

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіптің айтуынша, дәстүрлі баспасөздің дамуы ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде өте маңызды болып отыр. Әсіресе, жергілікті жерлердегі журналистердің әмбебаптығы деген мәселе қазір алға шыққан.

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса қазақ баспасөзінің болашағы ұлттық мүддені қорғаумен тең деген пікірін айтты.

Баспасөзді қолдау арқылы ұлттық мүдде мен идеологияны ілгерілетуге жұмыс істеуіміз керек, – деді ол.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи елімізде газет-журналды тарату мәселесіне аса мән беру керектігін алға тартты.

Бүгінде халықтың оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесін ойластыруымыз керек. Ал ертеңгі өркениеттің көшіне ілесу үшін дәстүрлі баспасөзімізді жетілдіру маңызды, – деді ол.

«Халық Үні Медиа» ЖШС-нің директоры Ринат Кертаев журналистика мен PR салаларындағы 20 жылдан аса жинаған тәжірибесімен бөлісіп, заманауи медианың беталысы туралы пікірін ортаға салды.

Қазір бізде 5 848 БАҚ бар, оның 3 999-ы – мерзімді басылымдар. Өкінішке қарай, саны көп болғанмен, ақпараттық кеңістіктегі мөлшері аз. Көбісі тұрақты шықпайды. Сондықтан заманға икемделіп, газет-журналдың әлеуметтік желідегі парақшаларын, Youtube арнасын ашып, белсенді жүргізіп, тілшілерін танымал ету қажет. Сонда ғана басылым аудиториясын жоғалтпайды. Газетке берілетін өзекті материалдарды апта бойы әлеуметтік желі платформаларында жарнамалап, промо жасауды қолға алу керек. Бұл – заман талабы, – деді Ринат Кертаев.

Сондай-ақ отырыста өңірлік басылымдарда қызмет ететін мамандар мәселесі, мерзімді басылымдарды тарату және олардың мемлекет қаражатына ғана қарап отырмай, бизнес құрылымдармен, жеке кәсіпкерлермен байланыс орнатып, PR материалдарын тапсырыс ретінде алу саясатын күшейту қажеттілігі де талқыланды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Делдалдар жойылды». Қызылордада ауруханалар 6 млн теңгеден аса қаржыны үнемдеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.