Арнайы ХҚО-дағы жемқорлық: 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арнайы ХҚО-дағы жемқорлық: 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

17.04.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Виктор Федюнин / агентство Kazinform.

Арнайы ХҚКО-ларға жүргізілген жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 млрд теңгеден 91,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша автомобильдерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталды.

“2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан автокөлікті тіркеу жүйесінде әділетсіз қызметкерлер жалған деректер енгізіп, жалған құжаттар беруге жағдай туғызып, жемқорлыққа жол берген.

Агенттік 3 жыл ішінде 23 қылмыстық істі тергеді. 3 мыңнан астам заңсыз көлік есепке қойылып, 60 мың жүргізуші куәлігі заңсыз берілді.

Уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар енгізіліп, олардың бір бөлігі іске асырылды”, – деп жазды Антикордан.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, арнайы ХҚКО мен ІІМ-де автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Өтінімдерді ресімдеу және қарау кезінде деректерді түзету мүмкіндіктері алынып тасталды. Енді тек әкімшілік полиция комитеті өзгерістер енгізе алады.

Өтінімдерді тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Енді бұл үшін тек ЖСН енгізу қажет, ал қалған деректер басқа ақпараттық жүйелерден автоматты түрде толтырылады. Бұл ретте жүйенің өзі екінші деңгейдегі банктердің түбіртектерін, міндетті төлемдерін және айыппұлдарын төлеуді тексереді.

“2022 жылы 9,4 мың автокөлікті тіркегені үшін 10,6 млрд теңге жиналды, 2023 жылы заңдастыруды ескере отырып, 10,2 мың автокөлікті тіркеген кезде 91,3 млрд теңге түсті. Аталған тәуекелдерді жою нәтижесінде өткен жылы бюджетке түскен түсім 9 есеге ұлғайды.

Компьютерлерге қашықтан қол жеткізу арқылы тұлғаларды ауыстыру және емтихан нәтижелері арқылы жүргізуші куәліктерін беру процесінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Агенттіктің ұсынымдары бойынша міндетті биометрия және қоғамдық бақылау үшін тікелей эфирде бейнетіркеу сынды бақылау шаралары енгізілді”, – делінген ақпаратта.

Емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайта тапсыру саны екі ретке шектеліп, ал өте алмаған жағдайда 3 айдан кейін немесе тыйым салынған заттарды пайдаланған жағдайда 6 айдан кейін тапсырады.

Жаңа ақпараттық жүйелерді енгізудің арқасында емтихандарды тапсырған сыңай таныту тәуекелдерін едәуір азайтуға мүмкіндік туды.

Жалпы, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу осы саладағы барлық қызметке оң әсерін тигізді.

Бүгінгі таңда агенттік жүргізуші куәліктерін алу және көлікті тіркеу рәсімдеріне қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруда.

Бұл жұмысқа жемқорлыққа қарсы еріктілер тартылды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы желтоқсанда ХҚКО қызметкерлерін жемқорлық субъектілеріне жатқызуға қатысты заңнамаға маңызды түзетулер енгізілгенін еске саламыз. Бұл өзгерістер 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді.

Түзетулер қызметкерлер тарапынан теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жарасбай Сүлейменов: Ұлттың ірілігі де, ұсақтығы да осындай сын сағатта көрінеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматы облысында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.