Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Азамат Дәулетбеков UWW рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты.

Балуан Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия чемпионы атағын жеңіп алған соң, 86 келі салмақта жалпы есебі 52 400 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Екінші орынға 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орынға 44 000 ұпай жинаған Сан-Мариноның өкілі Амин Майлз орналасты.

Азамат Дәулетбеков Бішкектің төрінде өткен сары құрлық додасында 86 келі салмақта осымен үшінші рет жеңіске жетіп отыр. Одан басқа, Дәулетбеков – 2022, 2023 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері.

Еркін күрестен Қазақстан командасының тағы бір өкілі, 92 келі салмақтағы Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты.

Ұқсас жаңалықтар

“Барлық” базарына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

admin_altyalash

600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік

admin_altyalash

Бұл өңірде жасалатын сирек операциялардың бірі

admin_altyalash