Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді.

Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды. 2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына Әнел Әбдірасылова (48 келі), Элянур Тұрғанова (50 келі), Бағжан Отынбай (52 келі),  Аяжан Сыдық (54 келі), Аяжан Ермек (57 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі) мен Панар Сейітқанқызы (+81 келі) күш сынасады.

Бұл боксшылар аға жаттықтырушы Жангелді Ахметовтің жетекшілігімен шаршы алаңға шығады.

Жалпы, Азия чемпионатына 25 елдің боксшылары келеді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Семей – тоғыз жолдың торабындағы шаһар

admin_altyalash

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне 90 жыл

admin_altyalash

ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

admin_altyalash