Армения Әзербайжанға бірнеше селоны қайтарып беруге келісті (ВИДЕО) – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Армения Әзербайжанға бірнеше селоны қайтарып беруге келісті (ВИДЕО)

22.04.2024
0
Армения Әзербайжанға бірнеше селоны қайтарып беруге келісті (ВИДЕО)
Фото: ТАСС/Гавриил Григоров

Армения Республикасы Әзербайжанға Газах ауданының құрамында болған төрт селоны қайтарып беруге келісті.

Әзербайжанның Баганыс Айрым, Ашагы Аскипар, Хейрымлы мен Гызылгаджилы ауылдары Қарабақ соғысы кезінде Арменияның құрамына қосылып, тиістінше Баганис, Воскепар, Киранц және Беркабер деп аталған болатын.

Енді елді мекендер екіжақты келіссөздің нәтижесінде Әзербайжанға қайтарылатын болып шешілді. Аталған ауылдар Әзербайжанға қайтарылған соң, төрт село учаскесіндегі мемлекеттік шекараны демаркациялау болады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның аппараты келісімнің себебін шекараны демаркациялау мен қауіпсіздікке байланысты жасалып отырғанымен түсіндірді.

Екіжақ 15 мамырда шекара сызықтарының соңғы сипаты туралы хаттамаға қол қоюға тиіс.

Делимитация процесі КСРО тарағаннан кейін екі елдің қол қойған 1991 жылғы Алматы декларациясының негізінде жүргізілетін болады. Құжат бұрынғы кеңестік республикалардың 1991 жылғы шекарасындағы территориялық тұтастығын сақтауды бекітіп берді.

Қазір екі мемлекеттің шекарасындағы жағдай бір қалыпты. Осы күндері Әзербайжаннан Қарабақ территориясынан Ресейдің бітімгер әскерлері біртіндеп әкетіліп жатыр.

Ресейдің бітімгерлері 2020 жылы қарашада 40 күнге созылған Қарабақ соғысынан кейін үшжақты келісім бойынша бес жылға Таулы Қарабақтың территориясына бітімгерлік миссияны атқару үшін кірген болатын.

Енді Әзербайжан мен Ресей тарабы 5 жыл уақытты күтпей, РФ-ның бітімгер әскерін Қарабақтан әкетуге келісімге келді. Қазір Қарабақ толығымен Әзербайжанға қайтырылған. Ал оның басшылары Баку қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалып, сот шешімін күтіп отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Киік санын реттеуге қатысты жаңа құжат жарияланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жайықтың деңгейі 9,5 метрге дейін көтерілуі мүмкін – ТЖМ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.