Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды

22.04.2024
0
Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты, 

Биыл Қазақстан құрамасында FIRST LEGO LEAGUE EXPLORE кіші санатында Астана қаласыныдағы Quantum STEM School мектебінен IQ Robots командасы, FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE орта санатында – Шымкент қаласы Robopark мектебінен Shymside командасы, ал FIRST Tech CHALLENGE жоғары санатында – Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ-нен Yaku командасы және Алматы қаласындағы РФММ-нен Bolt.M3 командасы болды.

Биылғы құраманың нәтижелері:

6-10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысатын IQ Robots командасы үздік таныстырылым және жоба идеясы үшін Best Poster Award номинациясында жеңіске жетті.

Жоғары сынып оқушыларынан құралған Bolt.M3 командасы Motivate Award беделді жүлдесін қанжығалады. Айта кету керек, бұл марапат өз елінде және одан тыс жерлерде STEM-ді танымал етуге үлес қосқан командаға беріледі.

Сондай-ақ 10-16 жас аралығындағы оқушыларды біріктірген Shymside командасы жаһандық STEM қозғалысының маңызды критерийі саналатын FIRST бағдарламасының командалық рухы мен негізгі құндылықтарын көрсетті. Сонымен қатар іс-шара ұйымдастырушылары Shymside командасын осы маусымға арналған деректі фильмге түсірді.

Біздің балалар чемпионаттың барлық 3 күнінде көшбасшылар қатарынан көрінді. Олардың алаңдағы ойындарын, жеңістері мен жеңілістерін көру, қазылар алқасының мүшелерімен сұхбатын кулуарда күту сәттері өте қызықты болды. Балаларымызда өте мықты роботтар, инженерлік жобалар, айдентика және негізгі құндылықтар бар. Біздің балаларымызды әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 50 мыңнан астам оқушы арасында байқамау мүмкін емес. Мәселен, Bolt.M3 командасы иеленген жүлде – ТМД елдерінің арасындағы мұндай алғашқы марапат, – деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қоры мен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship Орталық Азия чемпионатының нәтижесі негізінде жасақталған болатын. Чемпионатта жеңіске жеткен оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарындағы стипендиялар мен гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік алады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Олжас Бектенов Astana Hub стартап-жобаларымен танысып, дарынды жастарды қолдау шараларын күшейтуді тапсырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мадрид мастерс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.