Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the pennews domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй займдарына көзделген қаражатқа қатысты түсінік берді.

«Жылдық 2 және 5% мөлшердегі жеңілдікпен тұрғын үй ипотекасына 7 мыңға жуық займ беруге 81 млрд теңге бөлінді. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9%-бен 150 млрд теңге сомасына 8 мың қарыз беру көзделіп отыр», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында сауалға жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық займ берілетінін айтты.

«Осылайша биыл тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 64 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін Қ. Шарлапаев мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Елордада ШЫҰ саммиті басталды

admin_altyalash

Түрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтауға бағытталған

admin_altyalash

Шортанды ауданы инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсімін көрсетіп келеді

admin_altyalash