Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Алматыда прокурор ер адамды 8 жылға соттауды сұрады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Алматыда прокурор ер адамды 8 жылға соттауды сұрады

25.04.2024
0
Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Алматыда прокурор ер адамды 8 жылға соттауды сұрады
Коллаж: Halyq Uni

Алматыда автобус жүргізушісін соққыға жығып, салдарынан үш адам қаза болған іске қатысты жарыссөз басталды,

Қайғылы жағдай 2023 жылдың 22 желтоқсанында болған. Сол кезде жергілікті полиция №47 автобустың жолаушысы жанжал кезінде жүргізуші әйелді ұрғанын, ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын хабарлады.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

2024 жылдың 25 сәуірінде іс бойынша тараптардың жарыссөзі басталды. Сотталушы Дархан Ахметжановқа қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл ауырлығы орташа қылмыс саналады.

Мемлекеттік айыптаушы Жандос Сәуірбаевтың айтуынша, Ахметжанов автобус жүргізушісінің «жолақысын төлеу» талабына қарсы болып, екеуінің арасында кикілжің шыққан. Ол қоғамдық көлікті рұқсат етілмеген жерде тоқтауын талап етіп, балағат сөздер айтқан.

Бұл жолда жүру ережелеріне қайшы екенін біліп, автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева оның қойған талабын орындамай, көлікті тоқтатпай, әрі қарай жүргізуді жалғастырған. Ахметжанов өзінің талабын орындату мақсатында бұзақылық қылмыстық ойын әрі қарай жалғастырып, өзінің іс-әрекетімен көлік жүргізу қағидаларын бұзып, Райымбек батыр даңғылының батыс бағытына қарай жүріп келе жатқана жүргізуші Шөкебаеваны оң қолымен екі рет жұдырықпен ұрған. Осы соққыдан Шөкебаева есінен танып, көлікті басқара алмай қалған, жол бойында тұрған көліктер мен жаяу жүргіншілерді қаққан. Салдарынан оқиға орнында 3 жаяу жүргінші қаза тапты, – деді прокурор Сәуірбаев.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сот тергеуі барысында сотталушы Ахметжанов «бұзақылық» бабын толық мойындамаған.

«Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәсін мүлде мойындамайтынын, яғни өз әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрап отыр», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Ал мемлекеттік айыптаушы сотталушы Ахметжановтың кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

Сондай-ақ сотталушы Дархан Ахметжановтың оқиға орнынан бой тасаламақ болғаны айтылды. Оны сол маңдағы адамдар ұстаған.

Құрметті сот, жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайды ескеруіміз керек. Жазасын жеңілдететін мән-жай айыптау тарапы жағынан анықталмады. Өйткені сотталушы сот тергеуі барысында жасаған қылмыстық әрекеті үшін шын ниетпен өкініш білдірген жоқ, кінәсін мойындаған жоқ. Қылмыстық кодекстің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бұл абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыс саналады. Сотталушының жеке басын, жәбірленуші тараптың пікірін, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігін ескеріп, Дархан Ахметжановты ҚК-тің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды сұраймыз, – деді мемлекеттік айыптаушы Сәуіров.

Сондай-ақ прокурор сотталушыны қауіптілігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеуге жіберуін сұрады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында 90 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ұл бала үшін аз ақша беріп тұрсыз»: Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені белгілі болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.