Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды

25.04.2024
0
Жаңаөзенде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған орталық ашылды

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/ContentTag.php on line 45
24 сәуірде Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны
«Өзенмұнайгаз» АҚ қаражатына салынған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған
«Алға» спорт клубының ғимараты ашылды.
Ғимарат заманауи жабдықтармен, мүмкіндігі шектеулі және тірек-қимыл
аппараты зақымдалған жандарға арналған тренажерлармен жабдықталған,
лифтілер мен пандустар орнатылған. Бұл – компанияның демеушілігімен салынған
және пайдалануға берілген қаладағы екінші спорт кешені.
Сондай-ақ компания спорт клубтың қажеттілігіне және спортшылардың
ыңғайлы жүріп-тұруына микроавтобус тарту етті.
«Алға» спорт клубында бүгінде 100-ге жуық спортшы шұғылданады.
Олардың қатарында республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше
дүркін чемпиондары бар. Сонымен қатар, клуб спортшылары 2024 жылы Парижде
(Франция) өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Спорт клубтың ашылуына ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт
Қайнарбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Килыбай, БАҚ және
мәдениет саласының өкілдері арнайы келді.
«Біз осындай керемет спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың
спорттағы жетістіктеріне үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Біз жеңістің
қуанышын сезінетін және басқаларды өзінің үлгісі мен табандылығымен
шабыттандыратын мүмкіндік жасауға қуаныштымыз. Сайып келгенде, спорт
— бұл өзіңді физикалық тұрғыда жеңу ғана емес, мықты рух пен ерік-жігердің
көрсеткіші», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.
«Бұл кешен жай ғана орталық емес, сонымен қатар, біздің қоғамдағы
инклюзия мен теңдіктің маңыздылығын көрсететін символға ие нысан. Бұл жер
әркім өз потенциалын ашып, мотивация және мүмкіндік таба алатын орын
ретінде қызмет етуге арналған. Алдағы Паралимпиада ойындары біздің
спортшыларымыз үшін өзінің керемет талантын ғана емес, сонымен қатар
мызғымас рухани күшін көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің спортшылар тек
жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, табандылық пен рухани күштің үлгісін
көрсете отырып, өзгелерді шабыттандыратынына сенімдімін», — деді
Н.Ноғаев.

«Алға» спорт клубының негізін 1993 жылы Амантұрлы Қылышбаев қалаған.
Клубтың қазіргі жетекшісі — Құралбек Сейітов. Спорт клубта отырып ойнайтын
волейбол, бочча, тоғызқұмалақ, қол күресі, футбол, жеңіл атлетика, теннис, жүзу
және өзге де 17 үйірме бар.
Сонымен қатар, ҚМГ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын
қолдау мақсатында Жаңаөзенде мың түп ағаш отырғызады. Науқанның бастамасы
ретінде іс-шара қатысушылары спорт кешенінің аумағында ағаш отырғызды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 24.04.2024
«Алға» спорт клубының негізін 1993 жылы Амантұрлы Қылышбаев қалаған.
Клубтың қазіргі жетекшісі — Құралбек Сейітов. Спорт клубта отырып ойнайтын
волейбол, бочча, тоғызқұмалақ, қол күресі, футбол, жеңіл атлетика, теннис, жүзу
және өзге де 17 үйірме бар.
Сонымен қатар, ҚМГ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын
қолдау мақсатында Жаңаөзенде мың түп ағаш отырғызады. Науқанның бастамасы
ретінде іс-шара қатысушылары спорт кешенінің аумағында ағаш отырғызды.
Байланыс деректері:
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс:
press@kmg.kz
тел: +7 (7172) 78 91 49, +7 (7172) 78 91 81
Акционерлермен және инвесторлармен байланыс:
ir@kmg.kz
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Болашаққа» ауылдық квотамен қатысатындарға ағылшын тілін білу талаптары жеңілдейді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі бекітілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.