Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Екі келіні бар ене 23 жыл күткен қызын дүниеге әкелді (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден

Ақтауда әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды. Қуанышты жаңалықты жаңа босанған әйелдің келіні Айжамал Кенбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.

Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.

Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай… Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын, – деп жазды Айжамал өз парақшасында.

Көпшілік ақтаулық келіншектің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

«Енесі бақытты шығар», «4 ұлдан кейін қыз тәтті ғой», «Бақыт деген осы ғой», «Керемет, көз тоймайды», «Тіл-көзден сақтасын» деп жазды жұрт.

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлы Жеңіс – ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті

admin_altyalash

Ғылым – экономиканың қозғаушы күші – Әділхан Байбатша

admin_altyalash

Тұрмысы төмен 102,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

admin_altyalash