Каспий жағалауынан сексенге жуық итбалықтың өлексесі табылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Каспий жағалауынан сексенге жуық итбалықтың өлексесі табылды

26.04.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

 – Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу барысында 12 итбалықтың өлексесі табылды.

Теңіз жануарларының қырылғанын 25 сәуір күні облыстық балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері анықтады.

«Оқиға туралы жұмыс тобына кіретін жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және полиция департаменттері, Табиғат қорғау прокуратурасы жедел түрде хабардар етілді. Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орнынға шықты», – деді балық шаруашығы комитетінің өкілдері.

Сонымен қатар 23-24 сәуір күндері инспекция теңіз жағалауына мониторинг жүргізу кезінде 67 итбалық өлекселері тапқан. Алайда олардың өлексесі шіри бастағаны белгілі болды.

Каспий
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

«Итбалықтардың өлекселері шіріген күйде болды. Жануарлар қыс мезгілінде қырылған болуы мүмкін және осы уақыт ішінде өліктер суда қалқып жүрген деген болжамға негіз бар. Итбалық ұшалары 23 сәуірден бастап батыстан соққан қатты желдің салдарынан жағаға шығып қалған. Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше өлекседен тиісті зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды», – деді балық шаруашығы комитеті.

Қазіргі уақытта Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық Экология департаменті наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Каспийде теңіз жануарларының қырылуына қатысты зерттеу жұмыстары басталғанымен, әзірге себебі анықталмағанын атаған болатын.

Бүгінде инспекция 25 наурыздан бастап бүгінге дейін 182 итбалықтың өлексесін тапқан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақ ғалымы мұнайдан өңделетін дәріні биоқалдықтан жасамақ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мажарстанда асық ойынына қызығушылық артып келеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.