Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Астана-Қостанай» пойызына жаңа бағыт қосылды

Фото: egemen.kz

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биылғы 10 маусымынан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» бағытында жүретін «Тальго» жүрдек пойызының маршрутын Ақтөбе станциясына дейін кеңейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Жалпы №81/82 пойызы Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станцияларды басып өтеді.

Пойыз күнделікті Астанадан жұп күндер бойынша, Ақтөбеден тақ күндер бойынша жөнелтілетін болады.

Кеңейтілген маршрутқа билеттер сатыла бастады. Жолаушылар билеттерді https://bilet.railways.kz/ сайтынан немесе теміржол вокзалдарында орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып ала алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Кіреберістегі қабырғаны тесіп тастаған: Астанада вандалдар қамауға алынды

admin_altyalash

Париж Олимпиадасы: 2 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

admin_altyalash

Махмұд Сабырхан: «Егер төбелесу керек болса, оған да дайынмын»

admin_altyalash