Бірлік күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бірлік күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

30.04.2024
0
Бірлік күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: vecher.kz/ Қайрат Қоныспаев

Елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бірқатар мәдени іс-шара өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

30 сәуірде Еуразиялық гуманитарлық колледжде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған тақырыптық кураторлық сағаттар, «Бар береке – бірлікте!» дөңгелек үстелі жоспарланған.

Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-да, сондай-ақ бірнеше колледжде ҚХА мүшелерінің Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дәрістер өтеді.

«Железнодорожный» тұрғын алабында 30 сәуірде оқушылар арасында «Татулық мекені» атты сурет байқауы өтеді.

Дәл осы күні №1 және №3 Балалар музыкалық мектебінде концерттік іс-шаралар жоспарланып отыр.

Сондай-ақ бұл күні Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған дөңгелек үстел, «Көптілділік қазақстандық білім беру үрдісі ретінде» блиц турнирі, ал «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға, ата-аналарға, қызметкерлерге арналған концерт өтеді.

Сол сияқты, 30 сәуірде «Үміт» дағдарыс орталығында, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында концерттер, ұлттық ойындардың фестивалі, сурет конкурсы өтеді.

30 сәуір мен 1 мамырда Жазушылар аллеясында өлеңді мәнерлеп оқу іс-шарасы өтеді. Осы аллеяда «Бір шаңырақ астында» асфальтқа сурет салу байқауы, «Кітап қала» кітапханасы негізінде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

30 сәуірде Қазақ технология және бизнес университетінде дөңгелек үстел, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Достық керуені» театрландырылған-хореографиялық композициясы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Достығы жарасқан ел» атты студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Бұл күні Бөгенбай даңғылы мен Жеңіс даңғылының қиылысындағы «Ақжайық» саябағында Этномәдени бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді.

1 мамырда қала бойынша «Бауырсақ біріктіреді» (бауырсақ тарату) мерекелік шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы комедия-драма театрында «Ақан сері» қойылымының премьерасы, «Жастар» сарайында «Сарайымыздың балалары» концерті өтсе, «АЛЖИР» мемориалдық-музей кешенінде «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» көрмесі, Сәкен Сейфуллин атындағы музейде «Бірлік түбі – береке» көрмесі, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» көрмесі өтеді.

Бауыржан Момышұлы, 5 мекенжайындағы оқушылар сарайында мерекеге арналған бірқатар іс-шара қолға алынбақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Маңғыстауда адам өлтірген прокурор түрмеге қамалмай, шартты жаза алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақтөбеде жоқ малға субсидия алған экс-депутат сотталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.