Маңғыстауда адам өлтірген прокурор түрмеге қамалмай, шартты жаза алды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстауда адам өлтірген прокурор түрмеге қамалмай, шартты жаза алды

30.04.2024
0
Маңғыстауда адам өлтірген прокурор түрмеге қамалмай, шартты жаза алды
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарын өлтіргені үшін бір жарым жылға бас бостандығы шектелді.

Облыстық соттың хабарлауынша, прокурордың орынбасары жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеп соққаны үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен айыпталған.

Ал сотпен анықталған жағдай бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында аудан прокурорының бұрынғы орынбасары жәбірленуші мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарымен жанжалдасып соңы қайғылы оқиғаға ұласты.

Төбелес кезінде марқұм ауыр дене жарақатын алған. Соның салдарынан ол жерге құлап, есін жимастан қайтыс болды.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің өкілі мен куәгерлердің жауабымен, сот сараптамасының қорытындысымен және істің басқа материалдарымен толық дәлелденді. Жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы айыпты өзгертіп, сотталушыны қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Іс өзгертілген айып бойынша қаралды. Сот жаза тағайындау кезінде жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын өкінетінін, асырауында үш жас баланың, оның біреуінің үшінші топтағы мүгедек екенін ескерді. Ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот шешімімен аудан прокурорының бұрынғы орынбасарына өзгертілген айып бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігімен, яғни, абайсызда қазаға ұшыратқаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды» деп жазылған Маңғыстау облысы таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды түрде күшіне енген жоқ.

Бұл іс апелляциялық сот алқасының қарауына берілгені мәлім болып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бірлік күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.