Қазақстанда әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына қылмыстық жаза енгізіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына қылмыстық жаза енгізіледі

02.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 – Қазақстанда кейбір препараттарды медициналық емес мақсатта пайдалану айтарлықтай өсті. Яғни синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін сатып алынады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде депутат Снежанна Имашева айтты.

«Атап айтқанда, «трамадол», «тропикамид», «азоттың тотығы», «сомнол», «прегабалин» және тағы сол сияқты медицина препараттарын жастар көп пайдаланып жатыр. Бұл заттарды есірткіге тәуелді адамдар синтетикалық есірткінің әсерін күшейту үшін пайдаланады. Нәтижесінде оларға медициналық емес сұраныс айтарлықтай өсті. Мәселен, тропикамид көз тамшыларын нашақорлар мұрынға тамызады немесе көктамырға жібереді. Осыдан галюциногендік әсер алады немесе синтетикалық есірткінің әсерін күшейтеді», – деді С. Имашева.

Оның айтуынша, қазір осы дәрілік заттарды рецептсіз бергені және олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін тек әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

«Бұл жағдай осы препараттарды медициналық емес мақсатта сататын қаскөйлерге тосқауыл бола алмай тұр. Мысалы, 2022 жылы бүкіл елге танымал, фармацевтикалық білімі жоқ Трамадол Королі (Н. Карпов) күшті әсер ететін заттардың ірі партиясымен бірнеше рет ұсталды. Бірақ, онда дәріхана қызметіне формальды түрде лицензиясы болғандықтан, күшті әсер ететін медициналық препараттарды заңсыз таратқаны үшін әкімшілік айыппұл төлеп құтылып кетті. Сондықтан, жобада аталған медициналық препараттар құрамы бар күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы, олармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ оларды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу ұсынылып отыр», – деді депутат.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілер ұсталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық деңгейі 795 сантиметрге жетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.