Депутат ішкі туризм туралы: Жолдар жұпыны, сервистік қызмет жоқ – Altyalash.kz
Friday, March 27, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутат ішкі туризм туралы: Жолдар жұпыны, сервистік қызмет жоқ

02.05.2024
0
Фото: “Қазавтожол”ҰҚ Маңғыстау облыстық филиалы

– Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев отандық туризмнің дамуын сынға алды.

«Туризм – әлемдік экономикада қарқынды әрі табысты бизнестің бірі. Тек туризмнің арқасында пайдаға кенелген елдер бар. Ал, Қазақстанның туризмі – жолдары жұпыны, жарығы мен байланысы, сервистік қызметі жоқ. Соның кесірінен тамаша табиғаттың игілігін көре алмай келеміз. Өзге елдер қос қабатты автобус, қолайлы такси, лайнермен круиз жасатып жатқанда, бізде дала тұрмақ, қалалардың өзі жаңа автобустарға жарымай жатыр. Автопарктер де әбден ескірген», – деді Қайрат Балабиев депутаттық сауалын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдай отырып.

Оның айтуынша, жолаушы тасымалдайтын автобустардың 66% тозығы жетіп, қызмет ету мерзімі өткен.

«Туризм дамыған Алматы мен Түркістан қаласы және облыс орталықтарында жаңа автобустар тапшы. Жеке көлік емес, көпшілікке арналған автобус болғандықтан әбден ескіргені тасымал сапасына, қауіпсіздікке тікелей әсер етеді, ал, олардан шығатын газ ауаға зиян. Ескірген автобустармен туристерді тасымалдау ұят емес пе? Жолдардың сиқы сын көтермейді. Шетелден келген қонақтарға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіп, барынша қолайлы жағдай жасағанда ғана елдегі туризмнің дамуына жол ашылып, шетелдіктерді тарта аламыз», – дейді ол.

Депутат келтірген мәліметке сәйкес, 2023 жылы ел аумағындағы 7 зауыт небәрі 3200 мың автобус шығарған, ал жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі 7,4%.

«Сондай-ақ, бұл салаға мемлекет пен кәсіпкерлер тарапынан инвестициялар жетіспейді. Ал, кәсіпкерлерге автобустарды сырттан сатып әкелу тиімді емес, өйткені, алым мен көлікті бастапқы тіркеуден өткізу рәсімі импорттық автобустар үшін өте қымбат. Тек автобус емес, жеңіл көліктердің кедендік рәсімдері, түрлі алым- салымдары жалпы көлік бағасын 2-3 есе өскені жасырын емес. Жоғарыда айтылған маңызды мәселелерді ескере отырып, Қазақстандағы туризмнің дамуына тікелей әсерін тигізетін отандық автобус паркін жаңарту мен ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында, құрметті Роман Васильевич, сізден басқа мемлекеттерден әкелінетін жаңа автобустарды қайта өңдеу жинағы мен көлікті бастапқы тіркелуден босату туралы шараларды қарастыруларыңызды сұраймын», – деп қорытындылады Қайрат Балабиев.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Ренат Бектұровты қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Депутат су астында қалған саяжай иелеріне өтемақы беруді ұсынды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.