Испанияда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды (ВИДЕО) – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Испанияда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды (ВИДЕО)

02.05.2024
0
Испанияда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы таныстырылды (ВИДЕО)
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының (AIPS) 86-конгресі өтті. Оған Қазақстан делегациясы да қатысты, деп хабарлады 24.kz.

Іс-шарада Қазақстан делегациясы биыл күзде Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасын таныстырды.

Бұл конгресс журналистер ортасында «Спорт баспасөзі арасындағы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы» деп аталып кеткен. Биыл қауымдастықтың 100 жылдығы аталып өтіледі.

Қазіргі кезде ұйымға дүниежүзінің 100-ден аса елінің 8 мыңдай өкілі кіреді. Бұл жолғы іс-шарада Қазақстан делегациясы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын таныстырды, – делінген хабарламада.

Конгреске Қазақстан делегациясын бастап барған Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының (AIPS) Aзия аймағы бойынша атқарушы комитетінің мүшесі Ілияс Омаровтың айтуынша, журналистер жылына бір рет бас қосып, спорт саласындағы ең маңызды мәселелерді талқылайды. Конгресс көп елдерде болады. Ұйымдастырушы мемлекет өз тәжірибесін ұсынады. Бір айта кетерлігі, іс-шара әдетте дүниежүзі елдерінің астаналарында емес, өзге қалаларында өтеді. Осылайша оларға бүкіл әлем назары ауып, спорт журналистикасының дамуына өз септігін тигізеді.

Қазақстан делегациясының Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезіндегі басты мақсаты – әлемдік этноспорт қозғалысын дамыту, жаһандану заманында тарихи-мәдени мұраны сақтап қалу, халықтар арасында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту екенін түсіндіру. Қатысушыларға Қазақстан билігінің бұл іс-шараға ерекше мән беретіні де жеткізу, – деді Ілияс Омаров 24.kz-ке берген сұхбатында.

Конгресте AIPS президенті Джованни Мерло биыл күзде Астанада жалауы желбірейтін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайтынын айтты.

Әрине, қиын кезде өзге спорт түрлерінен өтетін жарыстарды кейінге шегеруге не өткізбеуге болады. Бірақ көшпенділер ойынына келгенде олай істеген дұрыс емес деп санаймын. Өйткені, бұл мәдени мұраның бір бөлігі. Сондықтан біз Қазақстаның іс-шараны өткізу шешімін қолдап отырмыз. Мен шақырту алдым. Журналист ретінде маған ойындарды өз көзімен көру қызық, –  деді ол.

Жиында AIPS ASIA бас хатшысы Амджад Малик Қазақстан делегациясының жұмысына баға беріп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдауға дайын екенін атап өтті.

Қазақстандық делегациясы – біздің ұйымның ең үздік мүшелерінің бірі. Сіздер Азияда спорт журналистикасының дамуына көп үлес қосып отырсыздар. Мен Астанадағы чемпионатқа барғанмын.

Қазақстан – спортты сүйетін мемлекеттің бірі. Ел билігі оған барынша демеу көрсетеді. Біз де Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынындарын қолдауға әзірміз, – деді AIPS ASIA бас хатшысы.

Конгресте сондай-ақ жаңадан құрылған Sport Plus Qazaqstan телеарнасының тұсаукесері рәсімі болды. Осы жерде Қазақстан делегациясы қауымдастықтың 100 жылдығына орай елімізде жас тілшілер үшін халықаралық семинарды ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Іс-шарада Sport Plus Qazaqstan телеарнасының директоры Асхат Жақаев конгресс сияқты жиынның журналистер мен жалпы журналистика үшін пайдасы зор екенін, оны өзіндік цифрлық көрме деп атауға болатынын айтты.

Конгресте спорт саласындағы соңғы жаңалықтар талқыланады. Сондықтан біздің Қазақстан делегациясы мұндай іс-шаралардан қалмай, міндетті түрде қатысу керек деп санаймын.

Конгреске қатысушылар Қазақстан делегациясының барлық ұсынысын зор ықыласпен тыңдады. Еліміздің су тасқынына байланысты халықаралық іс-шаралардан бас тартқанымен, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу туралы бастамасын құптады, – деді ол.

Оның айтуынша, енді алдағы уақытта AIPS мүшелері Қазақстанға келгенде Ұлы даланың көпжылдық мәдениетімен танысатын болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Рекордтық көрсеткіш: Алматы экономикасы 10,1 пайызға өсті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеңіс Қасымбек сол жағалау көшелерін неліктен су басқанын түсіндірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.