Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің жеке музей бұрышы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің жеке музей бұрышы ашылды

03.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Алматы әкімдігі

– Алматы қаласының мемлекеттік архивінде ҚР халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды. Онда отбасы табыс еткен композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонат қойылды.

Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет басқармасы, белгілі зиялы қауым өкілдері, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен жас өнерпаздар қатысты.

«Архив – бұл халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтайтын, болашақ ұрпаққа мирас ететін маңызды буын. Бүгін Алматы қаласының архиві Ескендір Хасанғалиевтің жеке қорынан алынған бағалы құжаттармен және заттармен толықтырылды. Біздің ортақ міндетіміз – туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілікті бейнелейтін композитордың шығармаларын сақтау және насихаттау», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Хасанғалиевтің жеке музей юұрышы ашылды
Фото: Алматы әкімдігі

ҚР Халық әртісінің жұбайы Дарико Хасанғалиева композитордың шығармашылығы мен еңбегі халыққа тиесілі екенін жеткізді.

«Ескендір Өтегенұлының шығармашылығы мен еңбегі халыққа тиесілі. Енді қазақстандық эстрада аңызының қолжазбалары, наградалары, фотоальбомдары, сыйлықтары, кітаптары, ордендері мен медальдары осында сақталады, өскелең ұрпақ қажет болған жағдайда таныса алады. Отбасымыздың атынан музей бұрышын ашу жөніндегі осы игі бастаманы қолдағаны үшін барлығына алғыс білдіремін», – деді Дарико Хасанғалиева.

Хасанғалиевтің жеке музей юұрышы ашылды
Фото: Алматы әкімдігі
Хасанғалиевтің жеке музей юұрышы ашылды
Фото: Алматы әкімдігі

Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы коронавирустан қайтыс болды.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Азия чемпионаты: Бокстан Қазақстан құрамасы жүлде саны жөнінен көш басында тұр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.