Алматы облысының тұрғыны тірі малды өлекселердің ішінде ұстаған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны тірі малды өлекселердің ішінде ұстаған

04.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Видеодан алынған кадр

– Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғындары малдың өлексесін қорасынан шығармай отырған үй иесіне шағымданды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан үлкен ашық қорада жылқы, шошқа малдары аралас жатыр. Мұнда өлекселерден бөлек, балшыққа батып, әрең қозғалып жатқан үй жануарларын көруге болады.

«Қырғауылды ауылында сұмдық жағдай. Жылқылар мен шошқалар өлексенің жанында ұстап отыр. Көп жылдан бері осы мәселе шешілмей келеді. Дәлірек айтқанда, біз ол туралы бүгін ғана білдік. Біз жағымсыз иіс бұл жер лас болғандықтан шығады деп ойладық. Алайда ол өлексенің иісі екен. Осыған шара қолдануын сұраймыз», – делінген жазбада.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының әкімдігі түсінік берді.

«Көше тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша Қарасай аудаы әкімінің орынбасары мал иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқа мен жылқы сату туралы келісімге қол жеткізілді. 4 мамырдан бастап Октава баспанасына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалды. Баспанада ветеринарлық сараптама және жануарлар карантині жүргізіледі, жылқылар тасымалданады. Жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветеринарлық пунктің бақылауында. Аудан әкімдігі тарапынан көлік мәселесі шешілді», – деп атап өтті Алматы облысының әкімдігінен.

Жануарлардың иесі – Қырғауылды ауылының тұрғыны Алексей есімді азамат.

«Бұл отбасы осындай жағдайға қатысты 2022 жылы айыппұл арқалаған. 2023 жылы 10 бас жануарды ветеринарлық станцияға тіркеткен. Бүгінгі жағдай біздің мекеменің бақылауында. Қорада механикалық және бірнеше дизенфекциялық тазартулар жүргізіледі», – деп мәлімдеді Қарасай аудандық ветстанцияның өкілі.

Ал Райымбек ауылдық округінің әкімдігі жануарлардың иесі санитарлық талапқа бағынбай келе жатқанына 10 жылдан асқанын айтты. Арасында айыппұл төлеген. Ауылдастарының шағымдануы бірінші рет емес.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аламан бәйге: еліміздің үздік шабандоздары Алматы ипподромына жиналады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жібек Құламбаева ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.