Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Ауғанстанда толассыз жауыннан кейінгі тасқыннан 50 адам мерт болды

Фото: Pexels

 — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясында маусымдық жаңбырдан кемінде 50 адам қаза тапты, деп хабарлады BBC Талибан билігіне сілтеме жасап.

Associated Press агенттігі провинцияның табиғи апаттарды жою кеңсесінің директорына сілтеме жасап хабарлағандай, су тасқыны сонымен қатар бірнеше ауданда үйлер мен мүліктерге зақым келтірген.

«Көз жұмғандар саны артуы мүмкін, өйткені із-түзсіз кеткендер өте көп» дейді директор.

Табиғи апаттарды басқару министрлігіндегі талибан өкілінің айтуынша, су тасқыны Кабулға да әсер еткен.

Зардап шеккен аймақтарға азық-түлік және өзге де көмегі бар құтқару топтары жіберілген.

Айта кетейік, сәуірде толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны ел бойынша кем дегенде 70 адамның өмірін қиған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды

admin_altyalash

Спортшы елімізге күміс сыйлап, гимнастикадан тарихи жетістікке жетті.

admin_altyalash

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады – Өзбекстан ОСК төрағасы

admin_altyalash