Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алматы обылысында жүк көлігі аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды

Фото: ernur.kz

Алматы облысының Іле ауданында жүк көлігі қатты жылдамдықпен аялдамаға соғылған. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмып, тағы үш тұрғын ауруханаға жеткізілді,

Облыстық Полиция басқармасы оқиға 12 мамырға қараған түні болғанын мәлімдеді.

«Бүркіт-35» бригадасының полицейлері жолдағы «ЗИЛ-131» автокөлігінен күдіктеніп, тоқтауды бұйырған. Алайда жүргізуші патрульдік тоқтату пәрменін елемей, ізін суытқан.

«Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32-ші шақырымындағы аялдамаға үлкен жылдамдықпен соғылған. Апат салдарынан екі адам көз жұмып, үшеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды», деді облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі орташа мас күйінде болғаны анықталды.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа орналастырылды, екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Бауыржан Әленов.

Ұқсас жаңалықтар

Ірімшік негізінде дайындалған ерекше балмұздақ

admin_altyalash

Қайрат Сатыбалдының ұлынан «Байсат» базарының бір бөлігі қайтарылды

admin_altyalash

Ізгі көрші әрі сенімді серіктес ретінде біз шынымен көпқырлы және өзара тиімді байланыстарды қалыптастыра алдық

admin_altyalash