Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарЭкономика

Алматы-Нүкіс әуе бағытында жаңа рейс ашылды

Фото: egemen.kz

 — Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды және Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жетті. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

«Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық Эйрбас-А320 ұшағында орындалады», – делінген хабарламада.

Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

Ұқсас жаңалықтар

АЭС — әлемдік ғылымның озық жетістігі

admin_altyalash

Қостанайда тасқыннан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден өтемақы төлене бастады

admin_altyalash

Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті

admin_altyalash