Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Қанат Бозымбаев Атырау облысындағы су тасқынына қарсы күрес шараларын тексерді

Фото: primeminister.kz

 – Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде су тасқыны қаупі сақталып тұр. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіден асып түсті. Жайық өзенінде су одан әрі көтерілуі мүмкін. Барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Табиғи апатпен күреске жергілікті тұрғындар, еріктілер және әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері белсенді түрде атсалысып жатыр.

Индер ауданында жер бөгеттерінің жалпы ұзындығы 30 шақырым. Қорғаныс бөгеті Жасуат, Индербор, Құрылыс, Көктоғай, Өрлік, Есбол және Елтай елді мекендерінде салынған. Аталған жұмыстарға 40-тан астам арнайы техника, 300-ге жуық әскери қызметші және 100-ге жуық ТЖ қызметкері, оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

су тасқыны
Фото: primeminister.kz

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында 17 елді мекен орналасқан. Оларды қорғау үшін 80 км жағалауды нығайтатын бөгеттер салынды. Ауданда бөгеттердің жалпы ұзындығы 105,8 км. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Оларға 130 арнайы техника, 650 әскери қызметші, 200-ден астам ТЖ қызметкері, 300-ге жуық ерікті мен жергілікті тұрғындар тартылды.

су тасқыны
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Махамбет ауданының әкіміне ежелгі Сарайшық қалашығы маңындағы Жайық өзенінің бойындағы бөгетті тағы да қосымша көтеруді тапсырды.

су
Фото: primeminister.kz

«Ол үшін мұнда Қорғаныс министрлігінің жеке құрамының жүздеген қызметкері мен ондаған техника тартылады. Біздің тарихи мұрамызды қорғауға және сақтауға жауапкершілікпен қарау қажет», – деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

су
Фото: primeminister.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар 62 қызмет түрін онлайн ала алады

admin_altyalash

Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

admin_altyalash

Табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз

admin_altyalash