«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті

17.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: «JORYQ» ат спорты федерациясы

– Астанада «Ұлы дала жорығы» ат марафон-бәйгесі туралы деректі фильмнің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Бұл марафон 2022 жылдан бастап жыл сайын «AMANAT» партиясының, Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен оның құрамына кіретін «JORYQ» ат спорты федерациясы.

Фильмде 2023 жылы өткен «Ұлы дала жорығы» марафоны туралы баяндалады. Осы жорыққа қатысушылар Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырым жол жүріп өткен еді. Марафон 14 кезеңге бөлініп, оған еліміздің 19 өңірінен бір командадан қатысты.

Екінші марафонның қорытындысы бойынша 1300 шақырым жолды 93 сағат 47 минут 43 секундта жүріп өткен Жетісу облысының командасы абсолютті чемпион атанды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының шабандозы Мағжан Абдолұлы 50 шақырымды 1 сағат 33 минутта жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатты.

Фильм
Фото: «JORYQ» ат спорты федерациясы

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек теңдесі жоқ «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі аз уақыттың ішінде халқымыздың сүйікті жарысына, көзайымына айналғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Ұлы дала жорығы» бәйгесі ұлттық спорттың дамуына ғана емес, ұлттық болмысымыз бен тарихымызды тануға, ұлттық рухтың оянуына зор қозғау салып отыр. Бәйге-марафонға «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов та үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз де әрдайым осы игі шараның басы-қасында бола береміз. «Ұлы дала жорығынан» кейін қоғамда, әсіресе жастардың арасында жылқыға, ұлттық спортқа деген қызығушылықтың еселеп артқанын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта жылқы ұлттық брендімізге айналды деуге болады. Сондықтан, бүгінгі деректі фильмді болашақта жылқы туралы түсірілетін өнер туындыларының, көркем фильмдердің ізашары деп білемін», – деді Дәулет Кәрібек.

Кинокартинада шабандоздардың жарысқа дайындығы, олардың қиындықтарды қалай жеңгені және жеңіске деген ұмтылысы көрсетіледі. Фильм қазақ халқының өткен көшпелі өмір салты мен қазіргі Қазақстанның келешек көкжиегін біріктіре отырып, ұлттық рухты жаңғыртады.

Ат спорты
Фото: «JORYQ» ат спорты федерациясы

Фильмде ат марафонына қатысушылар сапар барысында басынан өткен оқиғалары туралы әңгімелеп, шынайы эмоциясымен бөліседі. Олар Ұлы дала төсін көктей өтіп, көшпенділердің шынайы әлеміне енуге мүмкіндік алғандарын айтады.

Ат спорты
Фото: «JORYQ» ат спорты федерациясы

«Біз осы бірегей жобаны қатарынан үшінші жыл өткізгелі отырмыз. «Ұлы дала жорығы» күзде елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгізілді. Яғни, жорық халықаралық деңгейге көтерілді. Осы жобаның арқасында елімізде ұлттық спорт және ат спорты өнері дами түседі деп үміттенеміз», – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

Деректі фильмнің тұсаукесеріне келген қонақтардың қатарында өткен жылы осы марафон-бәйгеге қатысушылар, спорт саласының өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері және т.б. болды. Айта кетейік, осы жексенбіде Павлодар-Астана бағыты бойынша үшінші «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталады.

фильм
Фото: «JORYQ» ат спорты федерациясы

«Ұлы дала жорығы» деректі фильмін «Black&White» компаниясы түсірді. Жобаның серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ және «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

Еске сала кетейік, Республикалық «JORYQ» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сахнада бейәдеп әрекет жасаған әртістерді жазаға тартатын қаулы шықты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Желіде заңсыз лотерея ойнатқан блогер жауапқа тартылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.