Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева

18.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: ҚР Парламенті Сенаты

 — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық музейлер күні мерекесімен құттықтады.

«Құрметті достар! Бүгін — Халықаралық музейлер күні. Бұл мереке 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленді.Мерекені жыл сайын 150-ден астам елде, әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке насихат етіп жүрген музей мамандары атап өтеді.Мұражайлар біздің жадымыз бен тарихымыз ғана емес, бұл адамзат мәдениетінің, даналығы мен білімінің қоймасы», — деп жазды Facebook әлеуметтік желісіне.

Министр адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес. Бұл тұлғаның рухани дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстанда 271 музей жұмыс істейді, оның 17-сі „республикалық“ мәртебеге ие.2023 жылы „Әзірет-Сұлтан“ мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына „Ұлттық“ мәртебе берілді. Еліміздегі ҚР Орталық мемлекеттік музейі мен ҚР Ұлттық музейі тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар істеп отыр. Қазақстан тарихы мен мәдениеті саласында іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып келеді.Орталық мемлекеттік музей қорында 272 мыңға жуық экспонат бар, оның 28154-і ұлттық мәдени мұра тізіліміне енген. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне биыл 10 жыл толады.Оның қорында 220 мыңнан астам экспонат бар. Артефактілер арасында палеонтология, археология, қару-жарақтар, нумизматика, алтын және асыл металдар, сәндік және бейнелеу өнері коллекциялары бар», — деді министр.

Министрдің сөзінше, Ұлттық музей — елорданың халық ең көп келетін мәдени нысандардың бірі. Ашылғаннан бері оған 4 миллионнан астам адам, оның ішінде шет мемлекеттер мен үкімет басшылары, әлемнің жетекші компаниялары мен ұйымдарының өкілдері келген.

«Еліміздің мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарының сақтаушысына айналған барша музей мамандарын мерекемен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз бәріміз үшін өте маңызды және біздің қоғамды үлкен өзгерістерге жетелейді.Сіздер еліміздің бірегей әрі қайталанбас тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлығын келешек ұрпақ үшін сақтап келесіздер.Сіздерге толайым табыс, сарқылмас күш-жігер мен мол игілік тілеймін», — деп жеткізді тілегін министр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Су тасқыны: Тоқаев премьер-министрге бірқатар тапсырма берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өзбекстанда Әйтеке бидің 380 жылдығы тойланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.