Павлодарда «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Мамыр 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодарда «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталды

19.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: «JORYQ» республикалық федерациясы

– Биылғы жорық көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Марафон-бәйгенің үшінші маусымы Павлодар – Астана бағыты бойынша басталды.

Марафонның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты.

«AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек партия ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ мәдени және тарихи мұраны насихаттауға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайтынын атап өтті.

Ұлттық спорт
Фото: «JORYQ» республикалық федерациясы

«Ұлттық спортты дамыту мәселесі әркез Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында. Ұлттық құрылтайда Президент Қазақстан Ұлы дала көшпелі өркениетінің тікелей мұрагері саналатынын және біз өзіміздің мәдени мұрамызды қорғап, ілгерілетуіміз керек екенін атап өтті. «Ұлы дала жорығы» бәйгесі «AMANAT» партиясының қолдауымен үшінші жыл қатарынан өткелі отыр. Марафон-бәйге қазақстандықтарды біріктіретін, ұлттық рухты нығайтатын жобаға айналды. «Ұлы дала жорығы» біздің ұлттық бірегейлігімізді сақтап, ілгерілетеді деп сеніммен айтуға болады», – деді Дәулет Кәрібек.

Биыл 500 шақырымдық марафон-бәйге Павлодар – Астана бағыты бойынша өтеді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 19 команда қатысып жатыр.

Ат спорты
Фото: «JORYQ» республикалық федерациясы

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін үшінші рет өткізіп отырмыз. Бұл – азаматтар мен арғымақтардың төзімі мен ерік-жігері сынға түсетін дода. Барлық спортшыларымыз осы күрделі сынақтан сүрінбей өтіп, жорытқанда жолдары болсын!», – деді марафонға қатысушыларға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

Командалар бес күн бойы күніне 100 шақырым жол жүріп өтуі тиіс. Әр 50 шақырым сайын командалар мен олардың аттарына демалуға мүмкіндік беріледі. Жылқылардың жағдайын тәжірибелі ветеринарлар бақылайды. Айта кету керек, әр команданың жолға шығу уақыты әртүрлі. Бірінші команда сағат 07.00-де, келесілер екі минут аралықпен жолға шықты. Нәтижесінде соңғы команданың сапары 07.36-да басталды. Командалардың қандай нөмірмен жарысатыны жеребе тарту барысында анықталды.

Ұлы дала жорығы
Фото: «JORYQ» республикалық федерациясы

Командалар бір-бірімен жарыспайды, өйткені әрқайсының қозғалыс уақыты әртүрлі. Барлық қашықтықты ең қысқа уақытта еңсерген команда жеңімпаз атанады.

Еске сала кетейік, «JORYQ» республикалық федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және т.б. федерациялар бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Болашақта «Оқжетпес» брендімен әлемге танылсақ деген ниетіміз бар — Аян Ақмұрзин

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.