Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

— Бүгін Қызылорда облысы Қармақшы ауданында кент және екі ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр.

ҚР Сайлау туралы конституциялық Заңына сәйкес, Қармақшы ауданының Жосалы кенті, ІІІ Интернационал, Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп жатыр.

Дауыс беру 7:00–де учаскелерде басталды. Алғашқы келген сайлаушыға учаскелік комиссия тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие болған жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Сайлау
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Айта кетсек, Жосалы кентінде — 12540, ІІІ Интернационалда — 1255, Ақжарда — 958 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген азаматтары бақылай алады. Бюллетень тізіміне енген 8 кандидаттың 2-і саяси партия, 6-ы өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсіп отыр.

Биыл Қызылорда өңірінде 25 кент және ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады.

Жыл басынан бері 5 ауылдың әкімі сайланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

admin_altyalash

Республикалық комиссияның жұмысын жетілдіру – ашықтық, технологиялық жаңашылдық, мәдени сабақтастық пен қоғамдық қатысу қағидаттарына негізделуі қажет

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

admin_altyalash