«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады

20.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Kazinform

 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Қытай арасындағы транзит және көлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті тұстарына тоқталды.

«Бүгін қол қойылған инновациялар және ауыл шаруашылығы саласындағы кіші комитеттерді құру туралы хаттама екіжақты жоспарлардың іске асуына арқау болары сөзсіз. Осы құжатта көзделгендей, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда және терең өңдеуде өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін біздің Үкімет Қытай бизнесіне қолғабыс көрсетуге әзір», – деді Мұрат Нұртілеу Қытайдың Сыртқы істер министрімен кездесуден кейін БАҚ-қа мәлімдеме жасап.

Оның айтуынша, күрделі гео-экономикалық ахуалда транзиттік және көліктік ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі өсуде.

«Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен стратегиялық маңызға ие болған Транскаспий халықаралық көлік маршруты бір-бірін толықтырып, ортақ мақсаттарды көздейді. Осы тұста, екі елдің теміржол мен автокөлік бекеттерінің өткізу қабілеттерін арттыру және 3-ші теміржол өткелін салу мәселелерін дәйекті түрде талқыладық. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы барлық қадам халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған», – дейді М. Нұртілеу.

Айта кетейік, бүгін Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келді.

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүрді. Содан соң ведомство басшылары екіжақты құжаттарға қол қойды.

Қазақстан Қытай компанияларын сирек кездесетін минералдарды бірлесіп игеруге шақырып отыр.

Сондай-ақ, Қытай Қазақстанмен жасанды интеллект саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.