Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті

20.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Kazinform

 – Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат танытып, биыл Қазақстанда болған алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар Сенат төрағасы Түркия Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі елдің Мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынас Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығын одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқарады.

«Біздің елдеріміз арасында берік саяси диалог орнады. Экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да жан-жақты дамып келеді. Біз Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісімен ынтымақтастықты дамытуға және заңнамалық бағытта тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Парламенттердің құзыретіне жататын өзекті мәселелерді шешу жолында «Қазақстан-Түркия» парламентаралық достық топтарының әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызы зор. Сіздің сапарыңыз парламентаралық диалогты нығайтуға және елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге тың серпін береді деп сенеміз», – деген Мәулен Әшімбаев бүгінгі кездесу Қазақстан мен Түркия арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шарттың 30 жылдығымен қатар келгеніне назар аударды.

Кездесу барысында Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ ПА және ТүркПА аясындағы өзара байланыстың перспективалары да талқыланды. Сондай-ақ сұхбаттасушылар бірқатар бірлескен жоба жөнінде пікір алмасты.

Нақты айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, көлік-логистика саласын дамыту және басқа да бағыттағы бірлескен іс-қимылды арттыру мәселелері әңгімеге арқау болды.

Бұдан бөлек, Мәулен Әшімбаев Парламенттің Қазақстан Президентінің бастамасымен іске асырылып жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына тоқталды. Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған Тұжырымдамасы туралы да айтылды.

Өз кезегінде Нуман Куртулмуш Қазақстанда қолға алынған реформалардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға және рухани дипломатияны дамыту бағытында Съезд Хатшылығы қабылдаған шараларға ерекше назар аударды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстан мен Қытайды жалғайтын 3-ші теміржол салынады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан теннисшілері ITF Juniors J300 турнирінің жеңімпазы атанды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.