Қызылордада жылдағы дәстүрмен «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылордада жылдағы дәстүрмен «Үлгілі елді мекен» конкурсы өтіп жатыр

21.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2023-2027 жылдар аралығында ауылдық аумақтарды дамытуға арналған жарлығына сәйкес Сыр өңірінде «Үлгілі елді мекен» конкурсы бастау алды.

Мұндағы мақсат — ауылдық жерлерде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Осы ретте облыс әкімі Н.Нәлібаев қолдауымен елді мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған орта қалыптастыру, жұртшылықтың табиғатты қорғауы мен елді мекендерді тазалық пен көгалдандыру шараларына ынталандыру мақсатында облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

Өткен жылы конкурс жеңімпаздарына облыстық бюджеттен 990 млн теңге бөлініп, арнайы техникалар алынды.

техника
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Конкурс номинациялары: 

«Үлгілі аудан орталығы» номинациясы:
1 орынға — 4 техника (мусоровоз, жол тазалағыш жүк көлігі, ассенизатор машинасы, кран манипуляторы);
2 орынға — 3 техника (мусоровоз, жол тазалағыш тракторы, ассенизатор машинасы);
3 орынға — 2 техника (жол тазалағыш тракторы, ассенизатор машинасы).

«Үлгілі ауыл» номинациясы:
1 орынға — 2 техника (жер қазушы тракторы, жүк тасымалдаушы көлігі);
2 орынға — 2 техника (жер қазушы тракторы, трактор тіркемесі);
3 орынға — 1 техника (трактор).

«Қызылорда қаласының үлгілі шағын ауданы» номинациясы: 
1 орынға — 3 жоба (сквер, спорттық ойын алаңдарын салу, көше-аулаларды жарықтандыру);
2 орынға — 2 жоба (балалар және спорттық ойын алаңдарын салу);
3 орынға — 1 жоба (сквер салу).

техника
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Биыл да бұл бағытта 436,0 млн теңгеге арнайы коммуналдық техникалар алынады. Қорытындысы шілде айында комиссиямен анықталып, үлгілі елді мекендерге табысталады.

Өткен жылғы «Үлгілі елді мекен» конкурсының жеңімпазы ретінде Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы танылған болатын.

Бүгінде елді мекенге табысталған арнайы коммуналдық техникалар ауылды абаттандыру мен тазалығын сақтау бағытында қызмет етуде.

Елді мекен көшелерінің бойына 50-ге жуық контейнер қойылған.

Санитарлық тазалық жұмыстарын қоғамдық жұмысқа тартылған ауыл тұрғындары және «Мағжан и К» серіктестігінің арнайы жұмысшылары жүргізіп жатыр.

Жалпы, үздіктер көшін бастаған бірлігі бекем, тірлігі көркем Нағи Ілиясов ауылын «Үлгілі ауыл» деп айтуға толық негіз бар. Жасампаз істердің ұйытқысы болған бұл ауыл еліміздегі бастау алған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесін қосып келеді.

Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем ететін «Үлгілі елді мекен» сынды шаралар тұрғындардың туған жерге, еліне деген патриоттық сезімін оятып, экологиялық акцияға тұрғындар белсенділігін арттырады.

техника
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Еске сала кетсек, аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына 90 мыңнан астам адам, соның ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, еріктілер мен тұрғындар қатысып, іс-шараларға барлығы 884 техника жұмылдырылды.

Ұйымдастырылған тазалық шаралары нәтижесінде 5654 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі қоғамдық орындар, скверлер мен парктер және су айдындары мен өзен, көл жағалаулары тазартылды.

Сондай-ақ, көгалдандыру шаралары аясында бүгінгі күні 127 908 дана ағаш көшеттері егілді.

Бұл бағыттағы шаралар жалғасады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Айка тізімі». Жеңгетайлықпен айналысқандарға сот үкімі шықты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.