Мәжіліс электромобиль иелерін тұрақта ақы төлеуден босататын заңды қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс электромобиль иелерін тұрақта ақы төлеуден босататын заңды қабылдады

22.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Midjourney

 – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды.

Бұл заңға Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашы болып, палата 2024 жылғы 17 қаңтарда бірінші оқылымда мақұлдады. Заңның мақсаты – электрмобильдер инфрақұрылымын дамыту.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мәліметінше, құжат аясында ҚР Жер кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заңның негізгі нормалары:

– «электромобиль» және «электрқуаттау станциясы» деген жаңа ұғымдарды енгізуге;

– жолдарды жобалаған кезде электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін бөлек орындар бөлуге;

– электрқуаттау станцияларын жол бойындағы сервис объектілеріне жатқызуға және олар үшін жекелеген орындар белгілеуге;

– аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін, оларды тұрғын және қоғамдық аймақтарда орналастыруды қоса алғанда, резервке қоюға;

– жергілікті атқарушы органдардың әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санаттардағы тұрақты сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда электрқуаттау станциялары бар таксилердің тұрағын ұйымдастыру және жабдықтау жөніндегі функцияларын белгілеуге;

– ерекше қорғалатын аумақты жоспарлау жобасында электр желілеріне қол жеткізе алатын электрқуаттау станциялары бар тұрақтар үшін орындарды орналастыруға;

– электромобильдердің тұрағы үшін арнайы бөлінген орындарды бөлуге;

– электромобильдердің иелерін орынтұрақ жерінде ақы төлеуден босатуға бағытталған.

Заңды екінші оқылымда талқылау кезінде депутаттар қосымша түзетулер енгізді. Бұл тұрғыда электрқуаттау станцияларын орналастыру үшін ортақ пайдаланудағы жерлерден уақытша жер пайдалануға жер учаскелерін беру, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның әкімдігіне электрқуаттау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау жөнінде құзырет беру ескерілген. Мұнымен қоса, электр энергиясын қосу, пайдалану және тұтыну кезінде электрқуаттау станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі бойынша талаптарды белгілеуге қатысты толықтыру енгізілді.

Сондай-ақ депутаттар «Автомобиль көлігі туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарына тиісті түзетулер енгізді. Онда автобустар мен троллейбустар жүргізушілерінің жасын жиырма үш жасқа дейін төмендетуді және олар үшін кемінде үш жыл жұмыс өтілін белгілеуді ұсынды, ал «D1» кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі кемінде бір жылды құрауы тиіс.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Айка тізімі: Интимдік қызмет көрсеткендер қандай жазаға тартылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.