Димаш Құдайберген 30 жасқа толды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Мамыр 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

24.05.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: dimashnews.com

 – Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайбергеннің туған күні. Әнші 30 жасқа толды.

Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласында туған. Ата-анасы — танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар.

Ол алғаш рет спектакльде ойнап, көпшілікке таныла бастады. Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанды.

2010 жылы «Байқонырдың әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.

2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.

2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды.

Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп, екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетті.

2017 жылы Димаш Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетті. Мұнан бөлек көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

Димаш Құдайбергеннің дүние жүзі бойынша жанкүйерлері сүйікті әншісін 30 жасқа толған мерейтойымен құттықтап жатыр. Әсіресе, Ұлыбританиядағы тыңдармандары белсенді.

Жуырда Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде көптеген ұл-қыздың ерекше дарынымен бүкіл әлемді таң қалдырып жүргенін атап өткен болатын. Тіпті, қазақ фонемені деген ұғым пайда болғанын айтты. «Димаштың бірегей өнеріне тәнті болған түрлі елдің азаматтары Қазақстанның Әнұранын айтып, көк туын желбіретіп жүр. Өнердің құдіреті дегеніміз де осы», — деген еді Президент.

Айта кетсек, Куала-Лумпур әуежайында Қазақстан әнұранын шырқаған дүкен қызметкерінің видеосы TikTok желісіне кеңінен тараған еді. Қоғам мұны «Димаштың әсері» деп бағалады. Kazinform тілшісі Малайзия әуежайының қызметкерінен эксклюзивті сұхбат алды.

Биыл жаңа жыл мерекесінде Димаш Құдайберген Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әнұранымызды шырқаған болатын.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Қатты қиналып жатыр»: Жәнібек тосын мәлімдеме жасады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Туризм және спорт министрі Қытай спортшыларын бірге жаттығуға шақырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.