Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарКәсіп

Павлодарда жаңбырға байланысты егіс жұмыстары кешігіп жатыр

Фото: Pixabay

 — Ертіс-Баян өңірінің диқандары егіс науқанын маусым айының басында аяқтайды деп болжанып отыр. Жаңбырлы күндерге байланысты көп жерлерде тұқым себу, ылғал жабу жұмыстары тежеліп қалды.

Бұған дейін жергілікті ауыл шаруашылық институты диқандарға майлы және дәнді дақылдарды егудің оңтайлы мерзімі мамыр айының соңына дейін жүргізілуі керек деп кеңес берген.

Алайда соңғы апталардағы салқын күндер мен жаңбырдың басталып кетуі шаруашылықтардағы тұқым себу жұмыстарын тежеп қойды.

«Биыл фермерлерге кестеден кешігуіге тура келіп тұр. Жер әбден тойынған, топырақта ылғал мол. Ертіс пен Железин аудандарында нөсер жаңбыр жауып, техникалар екі күн тұрып қалды. Диқандар тұқым себе алмай отыр. Осы уақытқа дейін межеленген жоспардың 39 пайызы ғана орындалды. Егіс жұмыстары шамамен маусым айының алғашқы онкүндігінде аяқталады», – деді Каzinform тілшісіне берген сұхбатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімов.

Қазгидромет мекемесінің мамандары келесі аптада облыс аумағында нөсер жаңбырлар жүріп өтетінін мәлімдеді. Сондықтан кейбір өңірлерде кешігулер біразға дейін жалғасуы ықтимал.

Биыл облыстағы егіс танаптарының аумағы 1,6 млн гектарды құрайды деп болжанып қойды.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың гектарға көп.

Ұқсас жаңалықтар

Диас Қален Азия чемпионатының күмісін алтынға айырбастады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

admin_altyalash

Олжас Бектенов 2024 жылғы XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыс етті

admin_altyalash