Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі  Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді.

Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.

Айта кететін нәрсе, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Енді ұлттық құраманың өкілі 31 мамырда ¼ финалда Эрисланди Альвареспен (Куба) кездеседі. Бұл салмақта Олимпиаданың 5 жолдамасы сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

admin_altyalash

Жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі

admin_altyalash

– Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

admin_altyalash