Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Мұхаммедсабыр 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі соңғы Олимпиада жолдамасын иелену үшін молдовалық Александру Парасчивпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы барлық 7 салмақ дәрежесінде өнер көрсететін болды:
Сәкен Бибосынов – 51 кг;
Махмұд Сабырхан – 57 кг;
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 кг;
Асланбек Шымбергенов – 71 кг;
Нұрбек Оралбай – 80 кг;
Айбек Оралбай – 92 кг;
Қамшыбек Қоңқабаев – +92 кг.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасынан Олимпиада ойындарында ел намысын 3 боксшы қорғайды:
Карина Ибрагимова – 57 кг.
Валентина Хальзова – 75 кг;
Назым Қызайбай – 50 кг;
Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиаданың 58 жолдамасы бар. Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.