Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Еркін күрес: Әлішер Ерғали рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды

Фото: Olympic.kz

Мажарстанның Будапешт қаласында еркін күрестен рейтингтік турнирде 97 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ол әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Алайда қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Осылайша, Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды.

Осы салмақта қола жүлдеге күрескен Ризабек Айтмұхан словакиялық Батырбек Цакуловтан басым түсіп, жаңа салмақтағы кезекті жүлдесін алды.

Ризабек Аймұхан жартылай финалда Магомеджан Магомедовтен 7:15 есебімен жеңілген болатын.

Аса ауыр салмақта белдескен Юсуп Батырмұрзаев финалда америкалық Мэйсон Пэрристен жеңіліп қалды. Белдесуде америкалық спортшы уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

admin_altyalash

Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Президенттің кеңесшісі Күнсұлу Закария отандық ғылымның даму келешегін талқылады

admin_altyalash

Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

admin_altyalash