Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Құрбан айтта астаналықтар автобуста тегін жүре алады

Фото: vlast.kz/Жанара Каримова

Елордада Құрбан айт мейрамында тұрғындар автобуспен тегін жүретін болды, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 16 маусым – Құрбан айт мейрамында қоғамдық көлікте (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін болады. Автобустар таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды.

16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі бағдарларда да жол жүру тегін болады.

Түнгі бағдарлардың қозғалысын Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәрім Мәсімов елден қашуға дайындалды

admin_altyalash

Өңірімізде де заманауи талаптарға сай сервистік кешендердің саны артып келеді

admin_altyalash

Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды

admin_altyalash