Қызылорда әуежайының жаңа терминалы қалай жұмыс істейді – фоторепортаж – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда әуежайының жаңа терминалы қалай жұмыс істейді – фоторепортаж

11.06.2024
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999
Фото: Қорқыт ата әуежайы

– Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалында құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысанды жақын күндері ел игілігіне табыстау жоспарланып отыр. Осы орайда KAZINFORM агенттігі жаңа терминалдың алғашқы суреттерін ұсынады.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Жоба бойынша терминал алаңы – 7 500 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпанында басталып, 2024 жылдың сәуір айында аяқталды. Қазіргі уақытта әуежай аумағы абаттандырылып, ұзындығы 480 метр 4 жолақты автокөлік жолы салынуда.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

«Бұл ғимарат жеке инвестор есебінен шамамен 17 млрд теңгеге салынды және әуе қызметтерін халықаралық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Ал әуежайдың инфрақұрылымы үшін жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлініп, су, кәріз, электр және байланыс-интернет желілерін тарту, бу қазандығын салу жұмыстары жүргізілді. Барлық рейстер жаңа терминалға көшіріледі және ескі терминалды басқа шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жалғастырамыз», – деді «Қорқыт ата» әуежайы АҚ басқарма төрағасы Баян Әжмолдаев агенттікке берген сұхбатында.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медициналық бөлім, жолаушыларды тіркеуке арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу бекеті, 10 төлқұжат тексеру кабинасы болады.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Құрылысқа мәрмар, гранит, травентин, аквапанель сынды жоғары сапалы материалдар қолданылған. Лифт пен эскалатор – Финляндиядан, багаж жүйесі – Франциядан, телетрап – Испаниядан жеткізілген.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Сондай-ақ, жаңа терминалда әуе кемелеріне қызмет көрсететін арнайы техникалар – жанар-жағармай құюшылар, ұшақтарды сүйемелдейтін автокөлік, өзі жүретін ленталы транспортер, агрегат генератор бар.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Қазіргі әуежай сағатына 150 жолаушы қабылдаса, жаңа терминал іске қосылған соң, әлеуеті 250 жолаушыға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде көлік тасымалы көрсеткіштері 1,5 есеге артады. Оған қоса, 40 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Айта кетейік, Қызылордада 1986 жылдан бері V дәрежелі халықаралық Қорқыт Ата» әуежайы жұмыс істейді. Бүгінгі күні әуежайда аптасына 30 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астанаға – 14, Алматыға – 15, Анталияға (Түркия) – 1 рейс бар. Тағы қосымша халықаралық рейстер ашу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ШҚО-ның екі тұрғыны сепаратизм үшін бес жылға сотталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АҚШ президентінің ұлы заңсыз қару сақтағаны үшін кінәлі деп танылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.