Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, – делінген ақпаратта.
Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжаттарын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.
Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-код арқылы беріле бастаған еді.
Айта кетейік, елімізде 2023-2024 оқу жылын 820 703 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты. Биыл 34 аптаға созылған оқу жылы 25 мамырда аяқталды.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.