Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдің құрылысын тексерді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдің құрылысын тексерді

14.06.2024
0
Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдің құрылысын тексерді
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен Ойыл, Қобда, Темір мен Мұғалжар аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ салынып жатқан үйлердің қарқыны мен сапасын тексерді.

Қанат Бозымбаев ақтөбеліктерге табандылық пен шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ мемлекет басшысының үндеуін қолдаған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Облыс бойынша барлығы 4 691 үй зардап шекті, оның 992-сі апаттық деп танылды. 3 095 үй жөндеуге келеді. 475 үй мен пәтер сатып алынады. Тағы 517 үй салынады. Тұрғын үйді сатып алу және салу шығындарының басым бөлігін демеушілер мен меценаттар өтейді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры Ойыл ауданында 175, Ырғыз ауданында 134 үй салады. Қобда ауданында 147 тұрғын үйді Болат Өтемұратов атындағы қор салып жатыр. Темір ауданында тағы 21 тұрғын үй «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражатына салынуда. BI Group компаниясы Әйтеке би ауданында 26, Мұғалжар ауданында 14 үй салады.

Eurasian Resources Group компаниялар тобы мен «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры зардап шеккендерге баспана сатып алуға дайын екендіктерін білдірді. Бүгінде олардың өкілдері 31 отбасына пәтер кілттерін табыс етті.

Бүгінгі күн біз үшін ерекше есте қалады. Үш ай бұрын бізді эвакуациялағанда, тағдырымыз одан әрі қалай боларын білмедік. Бүгін бізге қала орталығынан пәтер беріліп жатыр. Мұндай қуанышқа қалай сенерімді білмей тұрмын. Қиын кезде қол ұшын созып, демеу болған жандарға алғысымыз шексіз, – деді ақтөбелік Нұрлан Бектасов.

Облыс әкімдігіне мыңға жуық отбасын қоныстандыру керек. Вице-премьер құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Алда көп жұмыс бар. Кейбір аудандарда қосымша жұмыс күші мен техниканы екі есеге арттыру қажет. Тұрғын үйді қалпына келтіру мәселесі президенттің жеке бақылауында, – деді вице-премьер.

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлерді мердігер ұйымдар жаз мезгілінің соңына дейін тапсыруға тиіс. Құрылыс барысын Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында онлайн режимде бақылауға болады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бүгін футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.