Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтар

Атырау облысын құс етімен қамтыған фабрика жұмысы 2 жылдан бері тоқтап тұр

фото: Нұрдәулет Әбікеев

Құс фабрикасын Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосқан. Онда жылына 800 тонна құс етін өндіру көзделген. Алайда фабрика құрылтайшысы Жанар Аманғалиеваның айтуынша, жұмыс 2 жылдан бері тоқтап тұр.

Бұл фабрика қоспасыз әрі химикатсыз құс өнімдерін шығарды. Тек ауданды емес, облыс тұрғындарын таза құс етімен қамтамасыз еткен едік. Бизнеске алынған субсидияны кері қайтарамыз деп, шығынға ұшырадық. Бірақ ешбір техника бұзылған жоқ. Ал 50-ге жуық қызметкерім жұмыссыз отыр. Енді осы кәсібімді жандардыру үшін 4-5 пайызбен қайтарымды қаржы сұраймын. Жұмыс бастаған соң 6 айдан кейін қарызымды қайтара бастаймын, – дейді Жанар Аманғалиева.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жауапты басшыларға жергілікті құс фабрикасының жұмысын жандандыруды қарастыру туралы тапсырма берді. Құс фабрикасының құрылтайшысына шілдеге дейін бизнес-жоспар дайындап, кейін бірлесе талқылауды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті: бизнесті қолдау – басты назарда

admin_altyalash

Қауіпке тосқауыл қажет

admin_altyalash

Алматыда «Жас құтқарушы» бірегей сыныбы ашылды

admin_altyalash