Ерлан Қарин Мұрат Әуезов туралы: парасат-пайымы жоғары, білімі терең, ойы озық, ұстанымы берік тұлға еді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ерлан Қарин Мұрат Әуезов туралы: парасат-пайымы жоғары, білімі терең, ойы озық, ұстанымы берік тұлға еді

15.06.2024
0
Ерлан Қарин Мұрат Әуезов туралы: парасат-пайымы жоғары, білімі терең, ойы озық, ұстанымы берік тұлға еді

Фото: Kazinform

– Мұрат Әуезов – парасат-пайымы жоғары, білімі терең, ойы озық, ұстанымы берік тұлға еді. Бір бойына сан түрлі қасиет қонған, бір өзі бірнеше бағытта еңбектенген әмбебап азамат болатын, деп жазды бүгін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында.

«Мәдениеттанушы, шығыстанушы, дипломат, жазушы, қабырғалы қайраткер ретінде ұлт руханиятын байытуға, әдеби-мәдени өмірдің өркендеуіне, қоғамдық-саяси үдерістердің алға басуына елеулі үлес қосты»,-деп жалғастырды Мемлекеттік кеңеші.

Бұдан бөлек ардақты әке, ұлы тұлғаның лайықты перзенті болды. Асқартау әкенің атын өз биігінде жалғастырды. Асылдың сынығы, алтынның қиығы, жақсының жалғасы ғана болып қойған жоқ, өзінің соқпағын қалыптастырып, Әуезов деген абыройлы текті тұғырынан түсірмеді.

«Біз Мұрат ағаны жас кезімізден танитын едік. Алматыда тұрғанымызда етене араласып, жиі пікірлесіп жүретінбіз. Бірде үш кісі болып Қырғызстанға сапармен баратын болдық. Арамызда Мұрат Әуезов те бар. Біз бірден ұшақпен емес, көлікпен баруды ұсындық. Онда да машинаны өзім жүргізіп баратынымды айттып, «Сізге жүргізуші болу біз үшін үлкен мәртебе ғой, аға. Шаршайтын ештеңесі жоқ» дегенімізде, ол кісі жылы жымиып келіскен болатын.

Сол сапарымыз естен шықпайды. Әр төбенің тарихын, әр қыраттың оқиғасын, әр таудың шежіресін айтты десем, өтірік болмас. Төрт күндей уақыт қасында жүріп, шамамыз келгенше қызмет қылып, тәлімді сөзін тыңдап, тәрбиелі өсиетін естіп, көңіліміз шат-шадыман күй кешіп еді. Сол кезде Мұрат ағаның бойындағы зиялылық пен биязылықтың белгісін анық таныдық. Шетсіз білімінің бір бөлігін көрдік.

Одан кейін де қоғамдық-саяси жұмыстар барысында көрісіп, орайы келгенде жолығып отырдық.

2022 жылы Президент Семейге жұмыс сапарымен барып, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа, яғни ұстаз бен шәкіртке ескерткіш ашты. Сол іс-шараға Мұрат аға да қатысып, Мемлекет басшысы екеуі суретке түсті. Осы суретті көргенде ерекше қуанғанымызды жасырғым келмейді. Елдік істе қайраткерлердің бір сапта қатар тұрғаны қашан да жарасымды ғой. Онан соң кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Мұрат Әуезовті Ақордаға шақырып, арнайы мемлекеттік награда тапсырды. Бұл да тағылымды шара еді.

Мұрат Әуезов өмірден өтіпті деген ақпаратты оқығанда ойымызға оның осындай болмысы оралды»,-деді Ерлан Қарин.

Осыған дейін Мұрат Әуезовің 81 жасында дүниеден өткенін жазған едік.

Бүгін Президент мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Құрбан айт: Бас мүфти сатушыларды мал бағасын шарықтатпауға шақырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Төл табиғатымыздың тазалығы маңызды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.