– Елорданың білім беру ұйымдарының базасында 97 мектеп жанындағы лагерь, 75 бейіндік және 21 этно-лагерь бар.
«Биыл жазғы лагерь жұмысын ұйымдастыру екі бағыттан тұрады, сауықтыру және еңбек ету. Ол ішінара тағы бірнеше бағытқа бөлінеді. Атап айтқанда, бейіндік лагерь, мектеп жанындағы лагерь, этно-лагерь және спорттық лагерь. Лагерлердің ашылуы және жабылуы тәлемгерлер және ата-аналардың қатысуымен салтанатты түрде өтеді. Еңбек ету бағытының өзі іштей интеллектуалды, еңбек, спорт және шығармашылық болып бөлінеді. Еңбек ету бойынша балалар «Жасыл ел» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстарына қолғабысын тигізеді», – деді Астана қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүльфара Сарамбетова БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.
Оның айтуынша, мектеп жанындағы лагерлер жоғарыда аталған төрт бағыт бойынша балалардың демалысын ұйымдастырады.
«Оқушылар сарайы», музыкалық және өнер мектептерінде балалардың қатысуымен 1 мыңнан астам түрлі бағыттағы іс-шаралар өтіп жатыр. Ол іс-шаралар 3 маусымда басталды, 10 тамызға дейін жалғасады. Мектеп жанындағы лагерлерде 1-4 сынып оқушылары барса, ал бейінді лагерлерге көбіне орта буынға арналған. Биылғы жазғы лагерлердің тағы бір ерекшелегі – киіз үйлердің болуы, яғни этно-лагерлер, ол жерде ата-әжелер келіп, тәлім-тәрбие береді», – дейді ол.
Жазғы лагерлер жұмысына жалпы саны 1610 педагог пен тәлімгер тартылған.
«Биыл біздің мектепте бірнеше бағыттағы лагерь ашылды. Мен жас дарындылар лагерін таңдадым. Бұл жерде алдымен достар таптым және түрлі қойылымдарға қатысып жатырмын. Оның ішінде сахна мен көпшілік алдында өзіңді ұстай білуді үйрендім. Басқа да мектеп жанындағы лагерге келуге шақырамын. Жас дарындылар лагерінде театр, шешендік өнер, аспаздық секілді бірнеше үйірме бар. Ал туристік лагерде қызықты квест өткізіп, Астананың сәулетті жерлеріне саяхаттап бардық», – деді №79 мектептің 6 сынып оқушысы Аяулым Әділ.
Биыл жазда 200 мың астаналық бала жазғы лагермен қамтылмақ және ол 5-6 маусымнан тұрады.
«Мен этно-лагерь бағытын таңдадым, оның аясында біз ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды тереңірек танып жатырмыз. Сонымен қатар музейге саяхаттап және кинотеатрға фильм тамашалауға бардық. Одан бөлек ұлттық тағамдармен жақынырақ танысып, дайындап та көрдік. Сондай-ақ, спорттық жарыстарға, викториналық сайыстарға қатысып, жеңімпаз атандық», – дейді №79 мектептің оқушысы Ильдар Аб