«Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда

18.06.2024
0
«Таза Қазақстан» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда

Тарихи-мәдени нысандардағы экологиялық акциялар

18 маусымда Маңғыстау ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жолы “Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Еріктілер тұрмыстық қалдықтарды жинап, ғимарат ішінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акцияға “Жасыл ел” жастар жасағының 20-дан астам жастары белсенді қатысты. Қатысушылар тарихи-мәдени кешенді таза және жайлы ұстаудың барлық демалушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаны таза ұстауға бағыттады.

“Отпан тау” тарихи-мәдени кешені Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауданда “Ыбықты сай” шатқалының, Тобықты жеріндегі “Бекет ата” жерасты мешітінің, “Масат ата” қорымының аумағында, сондай-ақ, Ақмыш пен Шерқалада сенбіліктер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Оңды ауылында 200 ағаш, Жыңғылды және Жармыш ауылдарында 100 ағаш және Шебір ауылында 30 ағаш отырғызылған болатын.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында орналасқан “Қошқар ата” қорымында тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкерлері мен Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері қатысты.

“Қошқар ата” қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым жерде солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысының өңірлік маңызы бар киелі объектілерінің тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмысының нәтижесінде мұнда 81 тарихи ескерткіш тіркелген.

“Таза Қазақстан” акциясы Мұнайлы ауданы Баянды ауылының маңындағы “Бердібек әулие” қорымының аумағында жалғасты. Акцияға Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының әртістері, Маңғыстау облысы

Мемлекеттік мұрағатының ұжымы, сондай-ақ «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты “Отпан” МКҚК ұжымы өз үлестерін қосты.

Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19,5 шақырым қашықтықта орналасқан “Бердібек әулие” қорымы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қорымда құлпытастар, тас қоршаулар және тастан жасалған әртүрлі пішіндер бар. Мұндағы басты нысан күмбезтамның ең ежелгісінің құрылыс тастары жартылай өңделген ұлутастардан саз балшық араластырылып көлденең қаланған.

Бұдан әрі “Таза Қазақстан” акциясы Қарақия ауданындағы “Бозжыра” шатқалының аумағында жалғасты. Жыл басынан бері “Жабайұшқан” мемлекеттік қорығының аумағында орналасқан “Бозжыра” шатқалына әртүрлі елдерден мыңнан астам турист келіп үлгерді. Аймақта туристердің көп болуына байланысты әртүрлі қалдықтар да көп жиналады. Акцияға “Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркі” КММ инспекторлары мен белсенді жастар қатысты. Акция барысында 20 қаптан астам түрлі қоқыс жиналып, арнайы полигонға жөнелтілді.

Сонымен қатар, “Жабайұшқан” қорығының басшысы Ж.Есенғалиев туристік аумаққа келетін жастарға аумақты таза ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелеріне қатаң назар аудару, биік шыңдары бар жартастарға жақындамау, барынша қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында “Эко Маңғыстау” ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. “Маңғыстау Эко” үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық хабардарлық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.

“Таза Қазақстан” акциясы аясында “Эко Маңғыстау” ҮЕҰ жаңа экологиялық жобалар іске қосылды. “Эко Маңғыстау” үкіметтік емес мекемесі ЖАО қолдауымен өңірдің экологиялық тұрақтылығын жақсартуға, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға және Маңғыстау облысының тұрғындары арасында экологиялық қозғалысты жандандыруға бағытталған үш маңызды экологиялық жобаны іске қосу туралы жарияланды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астаналық балалардың 96 пайызы жазғы лагермен қамтылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.