Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады.

Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.

Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға 3 лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама саналады. Яғни, жарыста лицензияны жеңіп алған боксшының өзіне ғана беріледі.

Биылғы Олимпиадаға жолдамаға Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

«Тумысынан қайсар»: ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қазақы менталитет, даму, экономика және сыртқы саясат тұрғысында айтқан сөздері

admin_altyalash

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс

admin_altyalash

Аида Балаева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысымен бөлісті

admin_altyalash